Атырау, 13 қараша 13:38
 ашықВ Атырау -2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Ұшақ кешіккені үшін енді әуе компаниясының басшысына айыппұл салынады

326 просмотра

Көлік министрі Марат Қарабаев әуе рейстердің жиі кешігуіне байланысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Марат Қарабаев Үкіметте рейстердің кешігу себептерін түсіндіруге тырысты. Оның айтуынша, оған себеп болып отырған үш фактор бар - әуежайларды жөндеу, ауа-райы және жолаушылар ағынының өсуі. 

– Жалпы, кейінгі үш жылда авиацияда жолаушылар ағыны өсіп барады. Бұл – ең жылдам дамып келе жатқан көлік түрі. Инфрақұрылымды дайындау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жазда жүргізіледі. Өкінішке қарай, мезгіл қысқа. Мұның бәрі, әрине, ұшудың жүйелілігі мен кемелердің кешігуіне әсер етеді. 
Бүгінгі таңда әсер ететін негізгі факторлар - 
Астана әуежайында жүргізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстары;
Алматыдағы ішкі терминалды жөндеу;
Ақтөбе, Балқаш және Павлодар әуежайларын жөндеу. 
Астана әуежайы мәселен, 20 жыл бойы жөнделмеген. Түнде ол жабылады, сондықтан күндіз жүктеме артады, - деді ол.
Сондай-ақ, министр ауа-райы жағдайлары мен адами факторға назар аударды. 
– Егер әуе компаниясында 101 ұшақ болса, оның 10-ы айналымнан шығып қалады. Бесеуіне бұршақтан, бесеуіне адами фактордан зақым келді. Яғни, әуе паркінің 10 пайызы бірнеше күн бойы айналымнан шықты. Бұл ұшудың жүйелілігіне де әсер етеді. Жалпы жолаушылар ағынының өскені байқалады. Бұл үш фактор ұшудың жүйелілігіне және әуе кемелерінің кешігуіне әсер етеді, - деді ол.

Қандай шаралар қабылданады

– Біріншіден, әуежайлардың тікелей жауапкершілігіне қатысты айтайын. Қазір ол заңмен қарастырылмаған. Екіншісі – бірінші басшылар мен әуежайлардың жауапкершілігі. Енді айыппұлдар тек компанияларға ғана емес, басшыларына да салынады. Барлық жағдайда кідірістер орын алған авиакомпаниялар толығымен өтеледі немесе келесі рейске қайта жіберіледі, - деді Қарабев. 

Кейінгі кезде қазақстандықтар әуе рейстерінің ұзақ және жиі кешігуіне үнемі шағымданып жүр.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, оның себебі Air Astana-да қосалқы ұшақтардың тапшылығы екенін айтады.

20 тамыз, 13:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.