Атырау, 23 маусым 21:03
 дождьВ Атырау +27.9
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59

Пойызда есірткі тасымалдаған шетелдік ұсталды

454 рет қаралды
Фото: polisia.kz

Көлік полицейлері есірткі тасымалдаған шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай облысының Ауыл станциясында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Новосібір – Бішкек бағытындағы жолаушылар пойызында 28 жастағы шетелдік азамат ұсталды.

«Қызметтік-іздестіру иті осы жолаушыға белгі беріп, жеке тінту кезінде одан марихуана табылды. Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Сот шешімімен күдіктіге 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды», - деп хабарлады ПД.
19 тамыз 2024, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.