Атырау, 20 қыркүйек 11:32
 ашықВ Атырау +24
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Ұн жеткізу қызметіне делдалдықты ұйымдастырған ҚАЖД бастығы сотталды

284 просмотра
Фото: freepik.com

Петропавл қалалық соты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы А. Мұстафиновқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол делдал арқылы СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұн жеткізу қызметтерінде мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 1 млн теңге мөлшерінде пара алу бойынша кінәлі деп танылды.

«Сот үкімімен Мұстафинов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 30 млн теңге мөлшерінде, пара беруші мен делдал тиісінше 20 млн және 10 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді», - деп хабарлады Антикор.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, Комитет төрағасы әділет полковнигі Т. Жәнібековке сөгіс, оның орынбасары әділет генерал-майоры М. Аюбаевқа, өздік қауіпсіздік, кадрлық жұмыс және тылдық қамтамасыз ету басқармаларының бастықтарына қатаң сөгіс жарияланды.

Осы бұйрықпен Мұстафинов теріс себептермен ішкі істер органдарынан босатылды.

19 тамыз, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.