Атырау, 23 қараша 12:39
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тұран көшесін қайта жарақтауға 10 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

769 просмотра

Ұзындығы 11,7 шақырымды құрайтын учаскеде Жастар көшесінен Еркінқала ауылына дейінгі жолды қайта жарақтау жоспарланған.

Қала әкімінің орынбасары Тілек МАХУОВТЫҢ айтуынша, аталмыш жоба аясында жолды қайта жаңарту және тротуарларды ретке келтіру бойынша негізгі жұмыстармен қатар, инженерлік коммуникацияларды қайта орнату: жалпы ұзындығы 54 км электр сымдарын, 322 тіректі, газ құбырларын, су құбырларын, байланыс желілерін, сыртқы жарықтандыру, жылу жүйелерін және бағдаршамдарды демонтаждау және  монтаждау жұмыстары жоспарланған. 

«Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде жұмыс құны 10 миллиард 584 миллион теңгені құрады», - дейді Т.Махуов.– Жолды қалпына келтіру жұмыстарын мердігер компания «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС жүргізуде.

Жұмысты орындау мерзімі - 29 ай.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

17 тамыз, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.