Бұл туралы федерацияның өзі хабарлады.
ҚТФ президентімен бірге вице-президенттер Қанат Толғатұлы Сағынаев, Шадияр Әлжанұлы Қондыбаев, Арман Константинұлы Шылманов, бас хатшы Олжас Талғатұлы Бесбаев та өз қызметтерінен кетті. Бұл шешім барлық жетістіктерді ұзақ сараптау мен бағалаудың нәтижесі болды, деп хабарлайды ұйым.
"Бүгін бұл эстафетаны тапсыру барысында мен осы жолда болған барлық адамдарға: әріптестеріме, спортшыларға, жаттықтырушыларға және бізді қолдаған барлық адамдарға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Бұл керемет жол жалғасын тауып, күн сайын жаңа жеңістер әкелсін.
Сенімдеріңізге рахмет! Қазақстан таеквондосын алда талай жаңа жетістіктер күтіп тұрғанын сеніммен айта аламын. Біздің ортақ жұмысымыз осы спортпен айналысатындардың барлығына пайда мен қуаныш әкелсін», — деді Ким.
Еске салсақ, біздің спортшылар үш олимпиадаға қатысып, 8 лицензия жеңіп алды.