Атырау, 5 желтоқсан 07:34
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Парижде өтетін Паралимпиадаға атыраулық бес дзюдошы қатысады

1 072 рет қаралды
Көрнекі сурет

Атырау қаласының тұрғыны, 2020 жылы Токиода өткен жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері, дзюдошы-паралимпиадашы Әнуар САРИЕВ Парижде өтетін ойындарға қатыспайды.

Бұл туралы "АЖ" тілшісіне жаттықтырушы Жандос ҚИЯНОВ айтты:

– Оны жәрігерлік комиссия өткізбеді, бірақ лицензия алу үшін қажетті ұпай жинады.

Ж.Қиянов Атыраудан Паралимпиадаға 5 қыркүйекте 57 келіге дейінгі салмақта Альфия Тлекқабыл (дәрігерлік классификация J1); 7 қыркүйекте Ғалымжан Смағұлұлы 90 келіге дейінгі салмақта (J1); Жұрқамырза Шүкірбеков +90 келі (J2), Зария Райфова +70 келі (J2) және Ерлан Өтепов +90 келі (J1) қатысатынын хабарлады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 тамыз 2024, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.