Боксшылар командасын Қайрат Сәтжанов жаттықтыратын болды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz.
Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы. Оның бапкерлік өтілі 34 жылды құрайды. 2021-2022 жылдары бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып қызмет еткен. 2024 жылдан бастап жастар құрамасының аға жаттықтырушысы.
Қазіргі таңда жаңа бапкерлік құрам жасақталуда. Атап айтар болсақ, шетелдік кеңесші жаттықтырушылар, физикалық дайындық жөніндегі жаттықтырушы және ғылыми топ мүшелері бар.
Сондай-ақ, командада бас бапкердің жеке шәкірті болмауы қажеттігі жайлы талап қойылды.