Атырау, 23 қараша 12:31
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Туризм және спорт вице-министрі Атырау облысының тұрғындарымен кездесті

Сурет
797 просмотра

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев Атырау облысы тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Жиынға спорт, туризм өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.

Өңір тұрғындарымен кездесуде вице-министр министрліктің қазіргі қызметі, туризм және спорт, ойын бизнесі мен лотерея салаларындағы реформалар туралы баяндады. Сонымен қатар Мирас Төлебаев туризм саласы бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

2023 жылы Атырау облысына 172 мың турист келген. Оның ішінде 141,7 мыңы ішкі туристер, 30,3 мыңы шетелдік саяхатшылар. Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өңірге біркүндік келушілер саны 32 665 адамға жеткен. Оның ішнде, «Ортағасырлық Сарайшық» визит орталығына 5467 адам келген.

ҚР Туризм және спорт министрлігімен Атырау облысында туризмді дамытудың 2025 жылға дейінгі жол картасы жасалып, бекітілді.

«Жол картасының инфрақұрылымдық жобалары бойынша туристік нысандарға қатынау жолдарын реконструкциялау және Жайық жағалауын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 2024-2025 жылдарға 2 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. «2021-2025 жылдарға арналған Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына» сәйкес, туризм саласында 338 жаңа жұмыс орны ашылатын 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Ал қазіргі таңда 200 жұмыс орны бар 7 жоба іске асырылды», - деп атап өтті Мирас Төлебаев.

Сонымен қатар Атырау облысының туристік әлеуеті туралы ақпарат тарататын «Visit Atyrau туристік ақпарат орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Кездесу барысында барлық қатысушы азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

16 тамыз, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.