Құрама штаттардың Қаржы министрлігі жариялаған есепке сәйкес, ұзақ мерзімді қағаздарда ресейлік портфель 42 миллион доллар болса, ал қысқа мерзімді қағаздардағы үлесі – 2 миллион доллар.
АҚШ-тың ең ірі қарыз иелерінің тізімінде Жапония бірінші орында. Оның бір айдағы инвестициясы мамыр айындағы 1,128 триллион доллардан 1,118 триллион долларға дейін қысқарды. Екінші орында Қытай тұр, инвестиция үлесі – 780,2 миллиард доллар. Үштікті Ұлыбритания қорытындылады, оның балансындағы облигациялар көлемі – 741,5 миллиард доллар.