Атырау, 20 қыркүйек 10:39
 ашықВ Атырау +24
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

№1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі күрделі жөндеуден кейін ашылды

668 просмотра

Былтыр күрделі жөндеуге жабылған №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі жоспарланған мерзімде қайта ашылды,  – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі 

- Бұл нысан 2008 жылы пайдалануға беріліп, содан бері еш жөндеу көрмеген. Бүгінде мектеп қайта жаңартылып, жаттығу залына стандартқа сай еден төселді. Есік-терезелері ауыстырылып, суағар, кәріз, жылу жүйесі мен ғимарат төбесінің бір жақ шатыры және жарық жүйесі жаңартылды. Бұдан бөлек, баспалдақтар мен дәліздің кафелі ауыстырылып, қабырғалар сырланды. Ең қуантарлығы — заманауи талапқа сай үлкен футбол алаңы салынды.  Бұрын балалар футболды топырақ төселген ашық алаңқайда ойнайтын. Жас футболшыларымыз үшін қуанып жатырмыз. Мұның барлығы спортсүйер шәкірттердің игілігіне жасалды, - деді спорт мектебінің директоры Бимырза Тайжанов.

Анықтама үшін: спорт кешенінде 12 үйірме бар. Олар:  қазақ күресі, дзюдо, грек-рим, белбеу күрес, еркін күрес, таэквондо, шахмат, тоғызқұмалақ, ауыр атлетика және бокс. Осы үйірмелер бойынша 1 500 балаға 100 маман қызмет етеді.

16 тамыз, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.