Атырау, 20 қыркүйек 10:57
 ашықВ Атырау +24
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Маска кию режимін енгізу жоспарда жоқ – ДСМ

504 просмотра
Фото: freepik.com

Денсаулық сақтау министрлігі COVID ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жалпы, бүгінгі таңда Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алдыңғы айлармен салыстырғанда көрсеткіштен шамалы асып кету бар. Сонымен қатар коронавирус Қазақстанда да, бүкіл әлемде де ешқайда кетпегенін ескеру қажет. Егер сырқаттану бойынша былтырғы көрсеткіштерді салыстыратын болсақ, бізде сырқаттанушылық айтарлықтай яғни 8 есе төмен. Бүгінгі таңда республикада коронавирустық инфекцияның ауыр және өлім жағдайлары тіркелген жоқ» ,- деп түсіндірді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Бұл ретте спикер жаппай маска кию режимін енгізу жоспарда жоқ екенін айтты.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, маска режимі тек медициналық мекемелердегі медициналық қызметкерлерге арналған. Медициналық мекемелерге келушілер, пациенттерге де маска тағу ұсынылады.

2024 жылдың басынан бері Қазақстанда КВИ бойынша 1 290 жағдай тіркелді.

16 тамыз, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.