Атырау, 16 ақпан 19:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Қайрат Сатыбалды түрмеден ерте шығатын болды

874 рет қаралды
Фото: gov.kz

Бірнеше күннен бері ел қазынасына есеп жетпейтін байлығын тапсырған Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын түрмеден шығатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының соты хабарлады.

«Өскемен қаласының №2 соты сотталған Қайрат Сатыбалдының жазасының өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын қарады. Қайрат Сатыбалды мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сотталған өзінің өтінішхатында жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын беру үшін заңның барлық талаптарын орындағанын атап көрсеткен», - деп жазды сот.

Осылайша, Өскемен соты Сатыбалдынының жазасы жеңілдеп, ол бас бостандығынан шеттетілді.

16 тамыз 2024, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.