Атырау, 23 қараша 12:15
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысында биыл 353,1 шақырым жол салынып, пайдалануға беріледі

721 просмотра

Биыл өңірде 353,1 шақырым автомобиль жолы жыл соңында пайдалануға беріледі, нәтижесінде облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы жәнеқанағаттанарлық жағдайы 78 пайызды құрайды деп күтілуде. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әлібек Мұханбеталиев баспасөз брифингінде мәлім етті.

Оның айтуынша, көлік инфрақұрылымын дамыту үшін биыл 74 551,6 млн. теңге қаржы бөлінген. Соған сәйкес облыс, қала, аудандарда бірқатар жұмыс жүріп жатыр.

- Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз автомобиль жолының 0-80 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстарынан қалған 6,5 шақырымы биыл аяқталып, толықтай пайдалануға береміз. Ұзындығы 18 шақырым Миялы-Ойыл, 50 шақырымдық Тайсойған ауылына кірме жол күрделі жөндеуден, 7 шақырымдық Индербор кентіне кірме жолды орташа жөндеу жұмыстары биыл аяқталады. Сонымен қатар, «Құрманғазы-Приморье-Утеры-Котяевка» автомобиль жолының 0-29 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстары мен облыстық маңызы бар Атырау-Индер автомобиль жолының 117-164 шақырымы аралығын орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аудандар бойынша Махамбетте 33,1, Мақатта 8,8, Құрманғазыда 26, Исатайда 5,4, Индерде 7,3, Қызылқоғада 10,6, Жылыойда 51,5 жол салынады. Ал Атырауда 52,9 шақырым жол төселеді, – деді Ә.Мұханбеталиев.

Облыс көлемінде қолданыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы 6 533,6 шақырым. Оның ішінде:

- республикалық - 1125,6 шақырым;

- облыстық – 838 шақырым;

- қала жолдары- 1634,9 шақырым;

- аудандық -1089 шақырым;

- аудан ішілік – 1846,1 шақырым.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

17 тамыз, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.