Атырау, 20 қыркүйек 10:43
 ашықВ Атырау +24
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

​ШҚО фельдшер жүктілік туралы анықтаманы қолдан жасағаны үшін сотталды

576 просмотра

ШҚО Катонқарағай ауданының прокуратурасы жүктілік туралы анықтаманың – ресми құжатын қолдан жасау және пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Аудан тұрғыны аудандық ауруханада гинекологтың фельдшері болып жұмыс істеп жүріп, өзінің жүктілігі туралы жалған анықтама жасаған. 

Ол бұл құжатты сотта қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны болдырмау үшін пайдаланған.

Прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша ұсынылған анықтаманың жалған екені анықталды. 

Бірінші сатыдағы сот актісі аудан прокуратурасының өтініші негізінде өзгертіліп, Қ. 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қ.-ның жүктілігі туралы анықтаманы дайындап, пайдалануына байланысты аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1 және 3-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

2024 жылы 8 тамызда сот К.-ны тағылған айыптар бойынша кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына соттады.

16 тамыз, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.