Атырау, 20 қыркүйек 10:42
 ашықВ Атырау +24
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Жылуға артық төлеген қазақстандықтарға қаржылары қайтарылады

580 просмотра

Жылуға төленген ақша артығымен алынған. Табиғи монополияны реттеу комитеті жылуға төленген ақшаны есептеп, 768 миллион теңгенің артық алынғанын анықтады, деп хабарлайды КТК.

Енді артық төленген ақша пәтер иелеріне қайтарылады. Онда да тек жылу энергиясын есептеуіш құрылығылары жоқ тұрғындарға ғана беріледі. Ал ақша тұтынушының жеке есепшотына түседі. Тиісінше, ол соманы азаматтар өз қажетіне жұмсай алмайды. Яғни шоттағы қалдық келесі жылдың жылыту маусымында қала бермек. 

Жылуға ең көп төлеген өңір Шығыс Қазақстан облысы екен. Онда тұтынушылардың артық төлеген 350 миллионнан астам теңгесі кері қайтарылады. Ал алматылықтар 95 миллион теңгесін қайтарып алады. 

Мирас Зеріпбаев, ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары: 

- Шығыс Қазақстан облысы шамамен 354 млн теңге, Алматы қаласы 95 млн теңге. Және Маңғыстау облысы шамамен 65 млн теңге. Осы сомалараға негізінен әсер ететін фактор ол осы есепке алу аспаптарының қамтамасыз етілгеніне байланысты болады. Біздің Қазақстан бойынша жалпылама орташа есеппен 75 пайызды құрайды. Есептеу құралдарымен жабдықталған үйлер саны. Ал антилидерлер ол Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы және Қызылорда облыстары.

16 тамыз, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.