Атырау, 20 қыркүйек 10:48
 ашықВ Атырау +24
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

​ҚМА мен облыс әкімдері мемлекеттің 65 млрд теңгесін үнемдеді

201 просмотра
Көрнекі сурет

Қаржылық мониторинг агенттігі заманауи талдамалық құралдарды пайдалана отырып, 61 ірі инфрақұрылымдық нысанды жоспарлау кезеңінде олардың құнын төмендету үшін резервтерді анықтады.

Нәтижесінде облыс әкімдіктерімен бірлескен жұмыс ЖСҚ түзетіліп, 65 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді. 
 
Қазіргі уақытта 11 млрд теңгеге қымбаттату тәуекелі бар тағы 12 нысанның құжаттары тексерілуде. 
 
Мәселен, елордада әкімдікпен бірлескен жұмыстың нәтижесінде магистральдық кәріз коллекторын салу бойынша инфрақұрылымдық объектіні жобалау кезінде мемлекеттің 5,3 млрд теңгеге артық шығыстарының алдын алынды (нәтижесінде жобалау сатысында құрылыс құны 26,4 млрд теңгеден 21 млрд теңгеге дейін төмендетілді).
 
ҚМА талдау нәтижелері бойынша Ақтөбе қаласының "Парасат" тұрғын алабында электрмен жабдықтау желілерін салу" объектісін жобалау сатысында 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді.

ҚМА бұл бағыттағы жұмысты еліміздің барлық өңірлерінде жүргізеді.

16 тамыз, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.