Атырау, 20 қыркүйек 15:51
 ашықВ Атырау +14
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Риддер тұрғындарының жылу ақысы үшін артық төлеген 50 млн теңгесі қайтарылады

281 просмотра

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы тұрғындарының жылу ақысы үшін артық төлеген 50 млн теңгесі қайтарылады. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орталықтандырылған жылу қызметтерін пайдаланатын және жылу есептегіш құралдары жоқ Риддер тұрғындарына өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу қызметтерінің құны қайта есептелді.

Бұл жұмысты Табиғи монополияларды реттеу комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері 2024 жылдың 1 тамызына дейін жылумен жабдықтау қызметін көрсеткен Риддер қаласы әкімдігінің «Су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп жүргізді.

«Соның нәтижесінде Риддер қаласы бойынша 2023-2024 жылғы жылыту маусымында халыққа қайтарылатын сома 50 млн 401 мың теңгені құрады. Айта кету керек, енді барлық тұтынушы коммуналдық жылу есептегіш құралдарын пайдалануға ауысатындықтан, тұрғындар тек нақты тұтынылған жылу энергиясының көлемін төлейді және сәйкесінше қайта есептеу қажет болмайды», - делінген департамент хабарламасында.
8 тамыз, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.