Атырау, 20 қыркүйек 15:50
 ашықВ Атырау +14
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Астаналық ұры қылмыс үстінде ұсталды

400 просмотра
Фото: freepik.com

Астана полицейлері ұрыны қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияға тұрғын үй кешенінің тұрағында күдікті әрекеттер жасап жүрген белгісіз адам туралы хабарлама түскен. Ол көліктердің есіктерінің тұтқаларын тартып көрген, салонға кіруге тырысқан.

Алматы ауданы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына келіп, 21 жастағы жігітті ұстады. Қаскүнем сол жерде тұрған Honda көлігінен әмиян ұрлағанын мойындады. Оның ішінде 18 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат болған.

Полиция заттай дәлелдемелерді тәркілеп, иесіне қайтарып берді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

7 тамыз, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.