Атырау, 20 қыркүйек 16:57
 ашықВ Атырау +14
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстандықтарға Бангладешке барудан уақытша бас тартқан жөн – СІМ

308 просмотра

Ашық дереккөзден алынған сурет

Бұл елде соңғы 3 күнде қақтығыстан 300-ден адам мерт болған.

Бангладеш Халық Республикасындағы қалыптасқан жағдайға байланысты Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматтарына аталған елге ахуал тұрақтанғанға дейін барудан уақытша бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі уақытта Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Бангладеш Халық Республикасындағы қызметін қоса атқарушы Үндістан Республикасындағы Елшілігімен тұрақты байланыста болуды сұраймыз», - деп мәлімдеді СІМ.

Бангладеште билік мемлекеттік жұмыс орындарына квоталардың көпшілігін жойғаннан кейін жаппай шерулер басталды. Соңғы үш күнде қақтығыстардан 300-ден адам мерт болған.

7 тамыз, 13:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.