Атырау, 10 қараша 16:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Заң шығару кезеңі – министрлік ЛГБТ насихатына қарсы петиция бойынша шешімін жария етті

368 просмотра

Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ насихатына қарсылық петициясын ішінара қолдау туралы шешімін шығарды. Бұл туралы белсенді Бағила Балтабаева желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрліктің хатында балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың өсуі аясында аталған талаптар өзекті және қажет екені жазылған.

«18 жасқа дейін балаларға азғындықты насихаттайтын кез келген контенттер бұғаттталады! Кітапхана, кинотеатр, әлеуметтік желілер, қай-қайсысына болсын, тыйым салынады! Алла қаласа, қыркүйек айында Мәжіліс депутаттары жұмыс орындарына келіп, жиналған соң, жұмыс тобы құрылып, қоғам арасынан да міндетті түрде Ұлт жанашырлары қосылып, Петицияның ең мыңызды жеріне жетеміз! Заң шығару кезеңі!», - деп жазды петиция авторы Бағила Балтабаева.

Еске салайық, таяуда Астанада ЛГБТ насихатына қарсылық бойынша петициясы бойынша шешім жобасына жария талқылау болып өткен.

7 тамыз, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.