Атырау, 20 қыркүйек 17:47
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Астанада Ташкент мәдени күндері өтеді

356 просмотра
Фото: freepik.com

Елорданың орталық саябағында 7-8 тамыз күндері белгілі өзбек әртістерінің концерті, ұлттық өнер және қолөнер көрмелері, спорттық жарыстар мен ойындар өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қала тұрғындары мен қонақтары дәстүрлі өзбек тағамдарынан дәм тата алады», деп хабарлады елорда әкімдігі.

Бұл күндері Қазақстан астанасына ресми сапармен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев келеді.

Іс-шара сағат 15:00-де басталады.

Сағат 19:00-де елордалық Амфитеатр сахнасында өзбек эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

6 тамыз, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.