Атырау, 20 қыркүйек 17:34
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Жаңа оқу жылында 1,7 млн оқушыға тегін тамақ беріледі

349 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

1 қыркүйекте Қазақстанның мектептеріне, колледждеріне және жоғары оқу орындарына 3,9 млн бала барады, оның 360 мыңы – бірінші сынып оқушылары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы оқу жылы 7,9 мың білім беру ұйымында басталады. Мұндай мәліметті Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев  айтты.  

«1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы тегін тамақтанады. Жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіледі. Биыл 510 мың бала мектепке дайындалу үшін тиісті көмекпен қамтылды. Осы мақсатта бюджеттен 22,6 млрд теңге қарастырылған», — деді Оқу-ағарту министрі.

Бүгінгі таңда өңірлерде оқулықтармен қамтамасыз ету 90%-ға жетеді. 25 тамызға дейін барлық оқулықтар өңірлерге жеткізіледі.

6 тамыз, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.