Атырау, 20 қыркүйек 17:30
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Әкімдіктер талапкерлерге 2,5 мыңға жуық грант бөлді

405 просмотра
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

2024-2025 оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, биыл әкімдіктерден 2475 білім беру гранттары бөлінді.

Атап айтқанда:

  • Астана қаласының әкімдігі – 858 грант
  • Шығыс Қазақстан облысы – 270 грант
  • Абай облысы – 200 грант
  • Маңғыстау облысы – 175 грант
  • Ақмола облысы – 160 грант
  • Жетісу мен Қызылорда облысы – 100 грант бөлді.

Қалған өңірлер 100-ден аз грант бөлген. Шымкент пен Алматы қалаларының әкімдіктері бакалавриатта мамандар даярлауға грант бөлмеген.

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беру қажет. Сондай-ақ, ЖОО-ға білімі туралы құжат, ҰБТ сертификатын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.

3 тамызда мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. 

6 тамыз, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.