Атырау, 27 желтоқсан 06:07
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қазақстанда алғаш рет

2 156 просмотра

Ертең, 30 маусымда Атырауға Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид КЭМЕРОН келеді деп күтілуде.

Бұл Қазақстан тарихында британдық үкімет басшысының алғаш келуі. Бұған дейін Қазақстанға король отбасының мүшелері – британдық тақтың мұрагері Чарльз УЭЛЬСКИЙ (1996 ж.), ханшайым Анна (1993 ж), герцог ГЛОСТЕРСКИЙ (2000 ж.), ханзада КЕНТСКИЙ (2009 ж.) және Ұлыбританияның сауда және инвестиция мәселелері жөніндегі арнайы өкілі болып тұрған кезде ханзада ЭНДРЮ (2003, 2006, 2007 және 2010 жж.) аяқ басқан еді. 2010 жылы ханзада Эндрю Атырауға да келді («Принц заморский, герцог Йоркский» жарияланымын қараңыз). 2001 жылдан бері британдық парламентте Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі бүкілпартиялық топ жұмыс істейді. Оған 2009 жылдан бері Лордтар палатасының мүшесі, лорд В. УЭВЕРЛИ басшылық етеді.

Бүгінде Ұлыбритания Қазақстан экономикасында – әсіресе мұнай-газ секторында көлемі бойынша (АҚШ пен Нидерландтан кейінгі) үшінші инвестор боп табылады.

Таңертеңгі уақыттан бастап президент «Шеврон Мұнайгаз Инк.» компаниясының Атырау тұрба құбыры арматурасы зауытына барады деп күтілуде. Бұл зауыт үстіміздегі жылдың тамызында іске қосылмақ. Сол жерде өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі кеңес өтеді. Содан кейін президент Д.Кэмеронды әуежайдан күтіп алады.  

Түстен кейін олар «Болашақ» зауытына (Қарабатан) барады, кешке Атырауда Британияның іскер топтарының қатысуымен дөңгелек үстел өтеді деп күтілуде. Шараны ұйымдастырушылар – британдық елшілік пен ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы. Қазақ-британ Сауда-өнеркәсіп кеңесінің тең төрағасы сэр Дэвид ВУТОН, Колледждер қауымдастығының директоры Джон МОУНТФОРД, «BGGroup» компаниясының атқарушы директорыМартин ФИНЛЭЙСОН, «DandoDrillingInternational» компаниясының басқарушы директоры Мартин ФИТЧ-РОЙ, «Kilfrost» компаниясының бас директоры Гэри ЛИДИЭЙТ, «WoodGroup» компаниясының стратегиялық даму жөніндегі директоры Аластаир ГРИН, «WorleyParsons» компаниясының Европа бойынша басқарушы директоры Грег КОНЛОН және т.б. қатысады деп күтілуде.

Қазақстандық тараптан «Самұрық Қазына» ҰӘҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ ШӨКЕЕВ, «KAZENERGY» қауымдастығының төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ, «ҚазМұнайГаз» басқармасының төрағасы Ләззат ҚИЫНОВ, жаңа «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басқарма төрағасы Қуандық БІШІМБАЕВ, «ҚазМұнайГаз БӨ» АҚ бас директоры Абат НҰРСЕЙІТОВ, «ҚМГ салынып жатқан кәсіпорындар дирекциясының» бас директоры Нұрлан БАЛҒЫМБАЕВ, «SAT&Company» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес РАҚЫШЕВ және т.б. болуы тиіс.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

29 маусым 2013, 23:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.