Атырау, 18 шілде 07:00
 дождьВ Атырау +20.2
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97

Бишімбаев пен Байжанов ісі Жоғарғы Сотқа түсті

562 рет қаралды
Фото: Жоғарғы сот

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз өлтіргені үшін сотталған Экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотқа берілді. Қызмет кабинетіндегі жазбаға сәйкес, іс 5 тамызда судьяға жөнелтілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маусым айында экс-министрдің қорғаушыларының апелляциялық шағымдары қанағаттандырылмады – үкім өзгеріссіз қалды.

Дегенмен, адвокат Назкен Құсайынова Қуандық Бишімбаевты қорғау тарапы бірінші сатыдағы соттың шешіміне шағымдана беретінін хабарлаған.

Еске салайық, Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Ол қауіпсіздігі жоғары түрмеде жазасын өтеп жатыр.

Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

6 тамыз 2024, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.