Қостанай облысы Приречное ауылында 26 бас ірі қара малдан сібір жарасының инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ElDala.kz хабарлауынша, ауылда карантин жарияланды. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
АШМ мәліметі бойынша, жылжымалы инсинераторда өртеу әдісімен инфекциядан қырылған мал жойылды. Оқиға орнында дезинфекциялық шаралар жүргізілді.
«Ауылдағы жағдай ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бақылауында», - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Еске салайық, Приречныйда ірі қара мал арам қатты деген ақпарат тарады. Соңғы бес күнде жағдай тұрақталды, инфекция жұққан басқа ірі қара мал анықталған жоқ.