Атырау, 2 маусым 10:08
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Күзде Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен барады

665 рет қаралды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшылары қазақ-түрікмен қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстан Президентінің биыл күзде Түрікменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады.

Әңгімелесу барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.

5 тамыз 2024, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.