Атырау, 23 қараша 17:15
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Атырау облысындағы жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты

701 просмотра

Наталья Жұмаділдаева Атырау облысына жұмыс сапарымен барды. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Мемлекет басшысының тапсырмаларының жергілікті жерлерде жүзеге асырылуымен, сондай-ақ білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығымен танысу мақсатында бірқатар білім беру ұйымдарында болды, деп хабарлайды ҚР оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. 

Атырау облысында төрт жаңа білім беру нысаны салынуда, оның екеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында іске асырылуда. Samruk Kazyna Construction мәлімдеген жоспар бойынша биылғы жылдың қыркүйек айында «Береке» шағын ауданында 1200 орындық мектеп ашылады. Оның ашылуы қаланың бала саны көп аудандарының бірінде жүктемені азайтуға ықпал етеді.

 Атырау қаласының №4 және №27 мектептерінде оқу ғимараттарын жаңарту және инфрақұрылымды жақсарту бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыс бойынша барлығы 12 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде.

Жобалардың іске асырылу барысымен танысқан бірінші вице-министр оқу процесін дер уақытында ұйымдастыру және педагогикалық кадрлар құрамын тиімді қалыптастыру, оның ішінде «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Наталья Жұмаділдаева APEC PetroTechnic жоғары колледжінде болып, оқу бағдарламасымен, білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасының жабдықталуымен танысты. Бүгінде аталған білім беру ұйымында 1300 студент білім алады, олардың 65%-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында оқуда.

Сондай-ақ бірінші вице-министр өндірістен тартылатын кадрларды іріктеу және орналастыру, жергілікті кәсіпорындармен өзара ынтымақтастық құру, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы іске асыру жөніндегі жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.

5 тамыз, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.