Атырау, 22 қараша 05:48
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Бангладеште наразылыққа шыққандардан қашқан премьер-министр елден кетті

358 просмотра
Фото: Getty Images/BBC

Бангладештегі жаппай наразылықтар кезінде премьер-министр қашып кетті, демонстранттар оның резиденциясын басып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ВВС-дің хабарлауынша, премьер-министр Шейх Хасина жүздеген демонстранттың қазасына себеп болған жаппай наразылықтар кезінде отставкаға кетіп, елден кетті.

Басылым премьер-министрдің орналасқан жері әлі белгісіз деп жазды. Мыңдаған наразылық білдіруші бүгін (5 тамызда) Ганобхабанның резиденциясына кірді.

Қазір елді кім басқаратыны туралы анық емес.

Еске салайық, Бангладештегі наразылық акциялары шілде айында басталды. Сенбіден бері елдің бірнеше қаласында тұрғындар тағы наразылыққа шықты. Полицейлермен және билеуші партия белсенділерімен қызу қақтығыс салдары 99 адамның өлімімен аяқталды.

5 тамыз, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.