Атырау, 31 қазан 14:01
 дождьВ Атырау +8.9
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

Ресейліктер үшін ТОП-3 танымал елдің бірі – Қазақстан

800 рет қаралды

Қазақстан ресейліктер үшін ТОП-3 танымал ел қатарында, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

РБК бұл туралы Ресей Федерациясының шекара қызметіне сілтеме жасап жазды.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ресейліктер Қазақстанға 1 млн 235,2 мың рет келген. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға аз, дегенмен Қазақстан Ресей азаматтары арасында ең танымал 3 бағыттың қатарына енген.

Сапардың көпшілігі іскерлік мақсатта орындалған.

Ал ресейліктер көп барған ел – Түркия, одан кейін Абхазия. Үшінші орында – Қазақстан.

5 тамыз 2024, 13:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.