Атырау, 23 қараша 17:51
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жайықтың жағасынан 160 тонна қоқыс шығарылды

650 просмотра
Сурет/Атырау облысы әкімдігі

Атырау облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында өлкенің табиғатқа жанашыр тұрғындары сенбілікке шығып, Жайық жағалауына санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ТЖ режимі кезінде Жайықтың жағалауына 5 миллионға жуық қап төселді. Су деңгейі төмендегесін өзен жағасын санитарлық тазалау қажеттілігі туындады. 

Сурет/Атырау облысы әкімдігі

Сенбілік аясында жастар мен қоғамдық белсенділер жағалаудан 160 тонна топырақ салынған қаптарды шығарды.

«Жасыл ел» жастар қозғалысының ұйымдастырушысы Заманбек ҚҰРАҚБАЙДЫҢ айтуынша, тазалық жұмыстары жалғасады.

- Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде «Жасыл ел» жастар қозғалысының аясында 1000 жас жұмыспен қамтылды. Әр адам экологиялық мәдениетті сақтауды өзінен бастау керек. Санитарлық тазалыққа жұмылып жатқан тұрғынның қарасы көп, - деді З.Құрақбай. 

Сурет/Атырау облысы әкімдігі

Айта кету керек, акция басталғалы облыста 200 гектар аумақ тазаланып, 723 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Ұйымдастырушылар тұрғындарды тазалыққа жұмыстарына тарту бағытында бірнеше жоба жоспарлап отыр.

5 тамыз, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.