Атырау, 12 қаңтар 14:21
 ашықВ Атырау -2
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

​​«Ақтөбе-Қандыағаш» автожолын қайта жаңарту: Алға қаласынан айналма жолдың сол жақ қозғалысы ашылды

539 просмотра

Алға қаласынан  Қандыағаш қаласына дейінгі 54 шақырымды құрайтын айналма жолдың сол жақ қозғалысы ашылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол. 

"Бүгін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханға қарай) автожолының қайта жаңарту жұмыстары аясында «Ақтөбе-Қандыағаш» учаскесінде көлік қозғалысын ашты. Аталмыш шара барысында Алға қаласынан  Қандыағаш қаласына дейінгі 54 шақырымды құрайтын айналма жолдың сол жақ қозғалысы ашылды", - делінген хабарламада.

Бұл транспорттық дәліз Астраханға қарай қозғалысты қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасы мен Ресей федерациясын байланыстыратын маңызды бағыттардың бірі. 

"Қайта жаңарту жұмыстары барысында жолдың техникалық параметрлері жақсартылды: 77,8 шақырым ІІ санаттан І санатқа, ал 18,2 шақырымы ІІ санатқа ауыстырылды. 

Қазіргі таңда автожолдың барлық ұзындығы бойынша жолдың төменгі қабатын төсеу жұмыстары аяқталды. Қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетоннан жоғарғы қабатты төсеу жұмыстары атқарылып жатыр. 64 шақырым (барлық жұмыстың 66 пайызы) төселіп, жолды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде", - дейді ҚазАвтоЖол мамандары.  

Ақтөбе облысы арқылы өтетін А-27 «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханға қарай) республикалық маңыздағы автожолдың ұзындығы 326 шақырымды құрайды.  
Жобаны жүзеге асыруға үш асфальтбетон зауыты, 254 жол-құрылыс техникасы мен 574 жұмысшы жұмылдырылған. Жоба аясында 94 жасанды құрылыс нысанын соғу жоспарланған, оның ішінде 15 көпір, 16 мал айдау, 3 көлік жол айрығы мен 60 су өткізгіш құбыр. 

«Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының қайта жаңарту жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталады. 

5 тамыз 2024, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.