Атырау, 23 қараша 17:22
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Ірі мұнай компаниясына 13 млрд теңге айыппұл салынды

1 030 просмотра

Ірі мұнай компаниясына 13 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Атырау облыстық прокуратурасы.

"Атырау облысының прокуратурасы табиғатты қорғау саласының басым бағыты болып табылатын қауіпті қалдықтар айналымына тұрақты қадағалауды жүзеге асырады.

«Каспий нефть» АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды.

Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша Атырау облыстық сотының сот алқасының 02.07.2024 жылғы қаулысымен «Каспий нефть» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730  теңге айыппұл салынды..

Прокуратураның принципті ұстанымы нәтижесінде әкімшілік айыппұл бюджетке өндіріліп, мемлекетіміздің Ұлттық қоры 13 684 868 730 теңгеге толықтырылды" делінген хабарламада.

  • Компания Атырау облысы Айранкөл кен орнында мұнайды барлаумен, өндірумен айналысады. «Каспий мұнай» АҚ-ның 100% акциясының иесі – Тимур Құлыбаев.
5 тамыз, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.