2024 жылғы 3 тамызда сағат 18:53-те Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерімен Атырау қаласы Құрманғазы ауылы тұсында Жайық өзенінен 2015 ж.т. қыз баланың денесі табылып, шығарылды, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
Су асты іздестіру-жұмыстарына 7 құтқарушы, 5 бірлік жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылды. 1-3 тамыз аралығында су астына 20 рет сүңгуірлік жұмыстары жүргізіліп, жалпы ауданы 6000 шаршы метрден астам, тереңдігі 12-15 метр көлемінде су асты іздестіру жұмыстары жасалды. Айта керу керек, ағыстың қатты болуы, су астында бөгде заттардың көп болуы, көріну мүмкіндігінің өте төмен болуы іздестіру жұмыстарына қиындық туғызды.
Естеріңізге сала кетсек, 1 тамыз сағат 14:40 шамасында бір үйдің 2 баласы яғни, 2015 ж.т. қыз бала және 2017 ж.т. ұл бала белгісіз жағдайда суға батып кеткен болатын. Құтқарушыларға шақырту сағат 14:53-те түсті. Іздестіру жұмыстарын құтқарушылар, ПД қызметкерлері, жергілікті тұрғындар бірлесіп жүргізді. Нәтижесінде, 1 тамыз сағат 16:20-да ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері 2017 ж.т. ер баланың денесін тауып, судан шығарды.
Атырау облысы ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Облысымызда суға түсу маусымы ресми ашылмағанын да ескерген жөн.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ