Атырау, 20 қыркүйек 19:41
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

​Атыраудағы шабақтар қырғыны: экологиялық апаттың алдын ала болжамы айтылды

860 просмотра

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Атыраудағы Сарыөзек (Қара өзен) каналында шабақтардың қырылуының алдын ала нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Арнайы комиссия мүшелері Сарыөзек каналының табанына барғаны хабарланды.

Қазіргі жағдайды зерделеу барысында Жайық өзенінің шабақтары көктемде тасқын сулармен бірге кеуіп жатқан сайға ағып кеткені белгілі болды.

"Алдын ала болжам бойынша шабақтар қосымша қазылған сайға арықтар арқылы жеткен. Ағыстың болмауына байланысты су деңгейі төмендегеннен кейін шабақтар оттегін алуды тоқтатқан. Соның салдарынан жас балықтар қырылып қалғын. Қазір жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өлген өлекселерді санитарлық талаптарға сай кәдеге жарату жұмыстары қолғаалынған», - деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Артур Сәдібекұлы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау әуежайының маңында балықтың жаппай қырылуы тіркелгені белгілі болған еді. Журналист Виктор Сутягин Атырау әуежайының артындағы Сарыөзек каналында түсірілген видеоны жариялады. Кадрларда мыңдаған өлі шабақтар көрінеді.

3 тамыз, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.