Атырау, 20 қыркүйек 19:58
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Саясат Нұрбек грант нәтижесі нақты қай күні, қай сағатта жарияланатын хабарлады

657 просмотра
Фото: gov.kz

2024-2025 оқу жылдарына арналған грант иелерінің тізімі ертең, 3 тамыз күні, сағат 11-де белгілі болады. Бұл туралы ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Грант иегерлерінің тізімі 3 тамызда жарияланады. Нақтырақ айтсам, конкурстық ірiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында 3 тамыз күні сағат 11.00-де жарияланады, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы мен студенттерге арналған ақпараттық анықтамалық портал mapp.kz сайтында жарияланады», - деп жазды Саясат Нұрбек. 

Оның айтуынша, жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.

2 тамыз, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.