Атырау, 23 қараша 16:50
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құлсарыда 27 жаңа автобус қатынайтын болады

944 просмотра

Жылыой ауданындағы жолаушыларды тасымалдау қызметін атқарып отырған «БатысТехИнвест» ЖШС-нің қоғамдық көліктерінің қатары 27 автобуспен толықты, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде автопарктегі көліктердің саны заманауи және соңғы үлгідегі Yutong ZK6890HGQ – 27 дана (22 орынды) автобусымен толықтырылып отыр. Аталған автокөліктер Құлсары қаласының ішіне қатынайтын болады. Олардың барлығы қауіпсіз метан табиғи газбен жүруге арналған. 

Көліктерді табыстау салтанатында аудан әкімі Жұмабек Қаражанов тұрғындарды құттықтап, бұл - аудандағы жолаушылар тасымалы қызметін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың жарқын көрінісі екенін атап өтті.

Айта кетейік, «БатысТехИнвест» ЖШС 2019 жылы құрылған болатын. Қазіргі уақытта Құлсары қалаішілік 12 бағытта және ауылдық округ және кент бойынша 6 бағытта жолаушыларды тасымалдауда. Бүгінгі күнге дейін 10 бірлік «Анкай», 10 бірлік «Паз Вектор» және 19 «Газел Некст», 5 бірлік ауылдық округтерге  қатынайтын «Yutong» және 20 бірлік қала ішінде қатынайтын жаңа «Yutong» маркалы автокөліктері тұрғындарға қызмет көрсетіп келген еді. 

Сондай-ақ аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі және аудандық пробация қызметі бөліміне қызметтік көлік табысталды.

2 тамыз, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.