Атырау, 20 қыркүйек 19:36
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Елімізде электронды қолтаңба енді флешкаға «салынбайды»

666 просмотра
Фото: freepik.com

Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары осы уақытқа дейін адамның электронды цифрлы қолтаңбасын флешкаға «салып» беретін. Бүгін белгілі болғандай, бұл қауіпті әрекет болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов электронды қолтаңбалардың флешкамен берілуі қауіпті болған дейді.

«Еліміздегі цифрландыру жүйесі енді басталғанда барынша мол адамды қамту үшін олардың электронды қолтаңбасын флешкаға салып беру ең оңай жол болған еді. Алайда, көріп отырғанымыздай, бұл қауіпті әрекет. Сондықтан, біз енді электронды қолтаңбаны флешкаға «салып» беру процедурасын тоқтатқымыз келеді», - деді Әбдіқалықова.
2 тамыз, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.