Атырау, 20 қыркүйек 19:55
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Тоқаев Конго жастарын Қазақстанда білім алуға шақырды

517 просмотра
Фото: Ақорда

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго президенті Дени Сассу-Нгессо бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізіп, екі тараптың бірқатар ұсыныстарын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда хабарлағандай, Тоқаев Астана мен Браззавиль арасында мәдени-гуманитарлық байланыс орнату өте маңызды деп санайды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Конго жастарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуды ұсынғанын мәлімдеді», - деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ Тоқаев Конго басшысының орман өсірудің және орманды қалпына келтірудің жаһандық онжылдығын жариялау туралы бастамасына қолдау білдірген.

«Бұл сапар Қазақстан мен Конгоның қарым-қатынастарына тың серпін береді деп санаймын. Сонымен қатар Орталық Азия мен Африка арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуге ықпал етері сөзсіз. Біз бір-бірімізді қолдап, табысқа бірге жететінімізге сенімдімін», – деді Тоқаев.
2 тамыз, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.