Ақтөбеде есірткі сатушылар 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақпан айында автотұрақ аумағындағы автокөліктен 60 келіге жуық марихуана анықталды. Оны сақтаған күдікті және оның танысы ұсталды. Тұрғылықты тұратын жерін тексеру барысында гараждан 20 келіге жуық марихуана тәркіленді.
«Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 77 келіден асты. Қазіргі уақытта есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Сот қылмыстық істің екі қатысушысын да 11 жылға қатаң режимде бас бостандығынан айырды», - деп хабарлады ПД.
2 тамыз 2024, 12:33