Атырау, 20 қыркүйек 19:34
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Былтыр 32 млн тонна атмосфераны ластаушы зат тараған

555 просмотра
Фото: freepik.com

2023 жылы Қазақстандағы барлық стационарлық ластау көздерінен тараған шығарындылардың жалпы көлемі 32,3 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бұл 2022 жылмен салыстырғанда, 3,2% аз.

2023 жылы атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын тастаған 259,7 мың кәсіпорын жұмыс істеді.

«Ауланып, залалсыздандырылғаннан кейін атмосфераға тараған ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 2,2 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда, 2,5% аз. Шығарындылардың 88% көзі - өнеркәсіп секторы», - деп хабарлады бюро.

Ең көп шығарындылар Павлодар және Қарағанды облыстарында тіркелді. Тиісінше 694,2 мың тонна және 454,9 мың тонна ластаушы зат. Сонымен қатар, Атырау (140 мың тонна), Қостанай (118 мың тонна) және Ақтөбе (112 мың тонна) облыстарында да байқалды.

2 тамыз, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.