Атырау, 20 қыркүйек 19:41
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

​Атырау облысының Шарон өзеніне жасөспірім батып кетті

828 просмотра
Көрнекі сурет

2024 жылғы 1 тамызда сағат 18:10 шамасында Атырау облысы Құрманғазы ауданы Х. Доспанова ауылында Шарон өзеніне суға шомылу кезінде жасөспірімнің суға батып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы. 

ТЖБ, ПБ қызметкерлері мен ауыл тұрғындары іздестіру жұмыстарын жүргізді. 

2 тамызда сағат 07:22-де Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері су асты іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде 4 метр тереңдіктен 2010 ж.т. жасөспірімнің денесін анықтап, судан шығарды. 

Іздестіру жұмыстарына  Атырау облысы ТЖД 11 құтқаршысы, 1 бірлік жүзу құралы, 3 бірлік техника жұмылдырылды. 

2 тамыз, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.