Атырау, 20 қыркүйек 19:57
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Астанадағы талқы - шенеуніктер жаңа уақыт белдеуінен проблема таппады

528 просмотра

Астанада бұрынғы бірыңғай уақыт белдеуіне оралу туралы петицияға байланысты тыңдау өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қасымовтың сөзінше, ғалымдар кейбір өңірлердің уақыт белдеуін бір сағатқа кері шегіндіру табиғи күн сигналдарына сәйкес келетінін айтқан. 

«Ғылыми зерттеулерге сәйкес, стандартты уақыт белдеуі +5 болып саналады», - деді ол. 

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев уақыт белдеуі жаңарғаннан бері медициналық ұйымдарға жүгінетін қазақстандықтар саны артқан жоқ.

«Адамның организмі ұйқыны реттейтін мелотонин гормонын әдеттегідей бөліп, мұндай өзгерістерге бейім келеді», - деді ол. 

Сұлтанғазиев Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым министрлігімен бірге зерттеу жүргізуге дайын екенін айтып,  бірақ оған әлі ерте екенін де ескертті. 

Энергетика министрлігіндегі департаменттің директоры Асылжан Мусин де уақыт белдеуі өзгергенінен бола туындаған проблеманы көрмедім дейді. Айтуынша, жазда жарықты ерте жағатын болдық дейтіндер, қыста жарық түскенде оянып, электр шамын жақпайды. 

«Уақыт белдеуін өзгерту тек бір сағатқа жүктемені көбейткенін ескеру керек. Егер жаз айларында электр жарығын бір сағатқа ерте жақсаңыздар, қыс айларында керісінше күннің жарығы түсіп электр жарығын бір сағатқа кеш жағасыздар», - дейді ол. 

Еске салсақ, биыл бірніш наурыздан бастап қазақстандықтар біріңғай уақыт белдеуіне көшкен болатын. Бірақ наразы азаматтар бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етіп петиция жариялады. Оған қол қойғандар саны шекті санын жетті.

2 тамыз, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.