Атырау, 20 қыркүйек 19:39
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

​ҚМА қазақстандықтардан құны 250 млн теңгедей заңсыз тартылған криптоактивтерді шетелден қайтарды ​

563 просмотра
Видеодан жасалған скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігі ТМД кеңістігінде алғашқы болып, қазақстандықтардан қаржы пирамидасына криптоактивтер арқылы заңсыз тартылған 250 млн теңге шетелден қайтарылды, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі. 

Әлемдік тәжірибеде мұндай нәтижеге бірнеше ел ғана қол жеткізген. 
  
Агенттік заманауи IT-құралдарды пайдалана отырып, 2,5 ай ішінде қазақстандықтардың қаражатын криптовалютаға тартқан «Eolus» жоғары технологиялық қаржы пирамидасын жойды. 
 
Еліміздің 12 өңірінде (Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Орал, Көкшетау, Жетісу, Түркістан) 2,5 мыңға жуық салымшы тартылды. 
 
Елордалық ұйымдастырушы мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 
 
Қылмыстың іздерін жасырып, жиналған қаражатты кедергісіз иемдену мақсатында, пирамидыны ұйымдастырушылар салымшылардың түскен барлық қаржылық ағындарды көптеген транзиттік крипто әмияндарды пайдалану арқылы жасырған.
 
Агенттіктің қызметкерлері заманауи блокчейн-аналитканың құралдардын пайдалана отырып, барлық транзакцияларды анықтап, қылмыстық кірістер ағылған негізгі әмияндарды тапты.
 
Ұрланған қаражат Агенттіктің арнайы шотына аударылып, одан әрі жәбірленуші азаматтарға келтірілген залалды өтеу үшін пайдаланылатын болады. 
 
ҚМА қылмыстық активтерді қайтару және басқа да алаяқтық жобалар бойынша осы  практиканы қолдануды жоспарлап отыр.

Агенттік азаматтарды пассивті кіріс пен артық пайданы уәде ететін күмәнді инвестициялық жобаларға сенбеуге шақырады. 
 
Компанияның сенімділігін «Baiqa, piramida!» телеграм боты арқылы тексере аласыз. Сондай-ақ Агенттіктің сайтында қаржылық пирамидалар мен олардың қызметінің белгілері бар жобалар тізімі жарияланады.

 

2 тамыз, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.