Атырау, 20 қыркүйек 19:25
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Аяқ киім креміне арналған ыдыстан 15 млн АҚШ долларының есірткісі тәркіленді (ВИДЕО)

628 просмотра
видеодан скриншот

ҰҚК Шекара қызметі есірткінің рекордтық партиясын мемлекеттік шекарадан алып өтудің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Биыл 31 мамырда Түркістан облысындағы Б. Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркіледі. Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті, оның жалпы салмағы 775 кг құрады», - деп хабарлады ҰҚК.

Табылған есірткінің «қара» нарықтағы құны 15 млн АҚШ долларынан артық деп бағаланды.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


2 тамыз, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.