Атырау, 12 қаңтар 14:50
 ашықВ Атырау -2
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

​«Қорғастың» қазақстандық бөлiгiнде жұмыс iстеген сегіз жасырын казино жұмысы тоқтатылды

455 просмотра
Сурет /ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жедел қызметкерлері мен шекарашылары Қаржы мониторингi агенттiгiмен бiрлесіп, «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлiгiнде жұмыс iстеген 8 жасырын казино әрекетінің жолын кестi, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

2024 жылғы 18 шілдеде осы әрекетке қатысы бар деген күдікпен 32 шетелдік және 6 республика азаматы ұсталды.

Тінту барысында ойын автоматтары мен үстелдер, құмар ойындарын ұйымдастыруға арналған техникалық жабдықтар, сондай-ақ көп мөлшерде ақшалай қаражат алынды. 

Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.


1 тамыз 2024, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.