Атырау, 20 қыркүйек 21:38
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Бір айда заңға қайшы әрекет жасап, қашпақ болған 4 500 адам шекарада ұсталды

390 просмотра
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Шілде айында Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 4 560 адам шекарадан өту кезінде ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оның ішінде 35 шетел азаматы бар. Мемлекеттік шекара арқылы 1 612 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды: 51 есірткі заттары, 111 ату қаруы мен оқ-дәрілер, 26 діни әдебиет (5 351 дана), 424– жалпы сомасы 17 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары, 835 жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары, 165 жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасын алып өту фактісі тіркелді», - деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметі.

Каспийде 39 браконьерлік фактісі анықталып, тоқтатылды. Алды алынған залал сомасы 42,5 млн теңгені құрайды.

«Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді», - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Еске салайық, кеше қазақстандықтарды алдап, 19 миллион теңгені ұрлаған Ресей азаматы шекарада ұсталды. Ол Қырғызстанға өтіп кетпек болған.

1 тамыз, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.