Атырау, 31 қазан 14:04
 дождьВ Атырау +8.9
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария халқын Ұлттық күнімен құттықтады

607 рет қаралды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Виола Амхердті Швейцарияның Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күні мерекесіне орай осы елдің Президенті Виола Амхердке құттықтау жеделхатын жолдады», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Швейцарияның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі ел халқының игілігі үшін өзара серіктестіктің одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Президент Виола Амхердтің мемлекеттік қызметіне табыс, ал Швейцария халқына бақ-береке тіледі.

1 тамыз 2024, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.