Алматы облысы Кеген ауданы Шырғанақ ауылында болған оқыс оқиғадан екі жасар бала мерт болды. «Қазақтелеком» қызметкерлері сымдарды жалғағаннан кейін, оларды ашық қалдырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақтелеком» компаниясының баспасөз қызметі редакцияға бұл ақпаратты растады.
«Компания Шырғанақ ауылында болған қайғылы оқиғаға байланысты ұл баланың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. «Қазақтелеком» қаза тапқан баланың отбасына материалдық көмек көрсетеді», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Дереккөзге сүйенсек, қазір оқиға орнында тергеу жүріп жатыр. «Қазақтелеком» сымды жаппай кеткен адамдардың бәрі жазаланады дегенге сендіріп отыр.