Атырау, 20 қыркүйек 21:46
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Президент Әкімшілігінде екі бөлім меңгерушісі тағайындалды

178 просмотра
Фото: Ақорда

Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау және Цифрландыруды дамыту бөлімдерінің меңгерушілері тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімімен Қуат Жалалитденұлы Сандалов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ержан Сейітқұлов 2001 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін бітірген. Әр жылдары математика пәнінің оқытушысы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ақпараттық технологиялар факультеті деканының ғылым жөніндегі орынбасары, ЕҰУ Ақпараттық қауіпсіздік және криптология ғылыми-зерттеу институтының директоры, ҚР Іс Басқармасы «Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК директоры болып қызмет атқарды.

1 тамыз, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.